FlyArystan ұшағына құс соғылып, екі рейстің уақыты өзгерді

443

Ұшақ қонуға таяу қалғанда, шасси жармасына құс түскен.

FlyArystan ұшағына құс соғылып, екі рейстің уақыты өзгерді

Air Astana баспасөз қызметінің хабарлауынша, Airbus A320 ұшағына құс соғылғаны себепті Ақтөбе-Атырау және Атырау-Ақтау-Атырау рейстері кешіктірілді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгін FlyArystan әуе компаниясының Анталия-Ақтөбе КСХ 7820 рейсі кезінде, қонуға таяу қалғанда Airbus A320 ұшағы шассиінің жармасына құс түсті", – делінген таратылған ақпаратта.

Авиакомпанияның мәліметінше, жақын арадағы рейспен Алматыдан әуе кемесіне инспекция жүргізу үшін инженер жіберілген.

"Оқиғаға байланысты КС7292 Ақтөбе-Атырау рейсі 3 сағат 50 минутқа, KC7275/7276 Атырау-Ақтау-Атырау рейсі 15 сағатқа кешіктірілді", – делінген хабарламада.

Компания жыл басынан бері осындай 99 жағдай тіркелгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу