Fokker 100-дің апатқа ұшырауына не себеп болды

986

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың айтуынша, негізі нұсқа – мұз қату болып отыр. 

Fokker 100-дің апатқа ұшырауына не себеп болды

BekAir әуе компаниясына тиесілі әуе кемесінің  апатқа ұшырау себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссияның атқарған жұмысы жарияланды. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр алдын ала болжамды айтты.

Роман Склярдің айтуынша, ұшақ жан-жақты тексерілді, әуе схемасы жасалды, әуе кемесінің жерге соғылу траекториясы зерттелді, құжаттары және т.б. тексерілді. Ұшқыштар уақытылы дем алған. Ұшақтың барлық құрал жабдықтары ақаусыз болған. 

Алайда, әуе кемесінің қанаттары қардан, мұздан тазартуға және мұз қатудан қорғайтын сұйықтықпен өңделмеген. Лайнер ұшардың алдында екі тәулік тұрақта тұрған.  Роман Скляр апаттың негізгі нұсқасы ретінде "ұшаққа мұз қату" деді.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу