Фон дер Ляйен ЕО-ға вакцина алған туристерді қабылдауды ұсынды

774

Бұл туралы ол Твиттерде жазды. 

Фон дер Ляйен ЕО-ға вакцина алған туристерді қабылдауды ұсынды

Еуропалық Одақ елдерінің туризм саласына қайта оралатын уақыты келді, демек COVID-19 коронавирусына қатысты жағдай ерекше алаңдаушылық туғызбайтын елдерден туристерді жіберу аса қауіп тудырмайды деп есептейді Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен.

"Біз өз елімізде вакцина салдырған қонақтарды, сондай-ақ денсаулық саласы   жақсы елдерден келген адамдар (вакцина алғаны міндетті емес) қабылдауды ұсынамыз",– деп жазды ол Твиттерде.

Фон дер Ляйеннің айтуынша, "туризм бизнесін, сонымен бірге басқа елдермен достықты жандандыратын кез келді. Бірақ бұл қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып жасалуы керек".

Ол Еуропалық Одаққа аумағында қауіпті COVID-19 штаммы пайда болған елдермен байланысты тез шектейтін тетік қажет екенін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу