Фон дер Ляйен келесі төрт жыл ішінде Украинаға 50 миллиард еуро бөлуді ұсынды

527

Еуропалық комиссия ЕО-ға мүше мемлекеттерге Украинаны қалпына келтіру үшін келесі төрт жыл ішінде € 50 млрд көлемінде гранттар мен несиелер беруді ұсынады, деді сейсенбіде Брюссель органының төрағасы Урсула фон дер Ляйен. 

Фон дер Ляйен келесі төрт жыл ішінде Украинаға 50 миллиард еуро бөлуді ұсынды Фото: РБК

ЕО төрағасының айтуынша, қордан бөлінген резерв ЕО-ға Украинаға соғыс уақытындағы оқиғалардың дамуына сәйкес көмек есептеуге мүмкіндік береді.

"Резервті құру, ең алдымен, Украинадағы серіктестеріміз үшін болжам жасауға және ұрыс алаңындағы жағдайға сәйкес қаржылық қолдауымызды алдын-ала есептеуге мүмкіндік береді, басқа ұйымдарды ынталандырады", — деді фон дер Ляйен.

Көпжылдық бюджет аясын қайта қарауға арналған баспасөз мәслихатында ЕО төрағасы Еуропалық Одақ көші-қонды басқаруға 15 миллиард еуро бөлуді ұсынатынын мәлімдеді. Аталмыш қаржыландыру ЕО-ның сыртқы шекараларын нығайтуға және ЕО-ға кірмейтін елдермен ынтымақтастыққа, сондай-ақ көрші елдердегі босқындарға көмек көрсетуге жұмсалатынын атап өтті.

Фон дер Ляйен сонымен қатар ЕО өзінің технологиялық бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін тағы 160 миллиард доллар инвестициялауы керек деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу