Фонограммамен ән айтатын әншілерге талап күшейеді

2196

Енді әрбір шарада әншілердің фонограммамен ән айтып тұрғаны көрерменге ескертілетін болады.  

Фонограммамен ән айтатын әншілерге талап күшейеді

Ал талапты орындамағандар жауапқа тартылуы мүмкін, себебі бұл заңмен бекітілмек. Тиісті құжат "Ашық нормативтік-құқтықтық актілер" порталында жарияланды.

Мәдениет және спорт министрлігінің айтуынша, мұндай тәртіп өнер адамдарының сапасын арттыру үшін жасалып отыр.

Естеріңізде болса, екі жыл бұрын Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов осы мәселені көтерген болатын. Депутат жанды дауыста ән шырқалмайтын әншіге тыйым салуды ұсынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу