Forbes 2022 жылы ең табысты ресейлік компаниялар тізімін жариялады

778

Forbes журналы 2020 және 2021 жылдары компаниялар алған таза кірісті бағалау негізінде 2022 жылы Ресейдегі ең табысты компаниялардың рейтингін жасады.   

Forbes 2022 жылы ең табысты ресейлік компаниялар тізімін жариялады Фото: Anton Vaganov/Reuters

Онда бірінші орынды "Газпром" иеленді, компания 2021 жылдың қорытындысы бойынша 2,2 трлн рубль таза пайда тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Рейтинг көшбасшыларының үштігіне 1 245,9 миллиард рубль таза кірісі бар Сбербанк және әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі — "Роснефть" кірді, оның пайдасы 1 012 миллиард рубльге бағаланған. 

Көшбасшылардың бестігіне "Лукойл" мұнай-газ компаниясы (775,5 млрд рубль) мен "Сургутнефтегаз" мұнай компаниясы (513,2 млрд рубль) кірді.

Бұдан әрі Ресейдегі ең табысты компаниялардың тізімінде "Норильск никелі" (512,9 миллиард рубль), Новатэк (451,6 миллиард рубль), НЛМК (371,7 миллиард рубль), "Ямал СПГ" (354,7 миллиард рубль) мен ВТБ (327,4 миллиард рубль) көрінді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу