"Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері – 2023" жаңа рейтингінде Серік Төлбасов Төлбасы тегімен шығады, деп жазады inbusiness.kz forbes.kz порталына сілтеме жасап.
"Иә, расында да Серік Қарабекұлы былтыр құжаттарын қазақ тіліне ауыстырған. Оның тегі қазір Төлбасы", - деп хабарлады TS Development баспасөз қызметі.
2023 жылы мамыр айында шыққан Forbes нұсқасы бойынша еліміздегі ең бай адамдардың рейтингінде Серік Төлбасы 34-орынға тұрақтады (220 млн доллар). 2022 жылы ол бұл рейтингте 42-орында болған (155 млн доллар). Тиісінше бір жыл ішінде кәсіпкер 8 орынға көтеріліп, оның капиталы 65 млн долларға артты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу