Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең көп табыс табатын 100 спортшының жаңа рейтингін құрастырды. Онда атлеттердің жарты жылда тапқан табысы көрсетілген., деп хабарлайды 24.kz.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұл тізімде 72-орында тұр.
Басылым мәліметінше, соңғы 12 айда GGG 25 миллион доллар табыс тапқан. Бұл қаражаттың 23 миллионы – соңғы өткізген екі жекпе-жектен түскен табыс, ал қалғаны жарнамадан түскен қаржы.
Бұл тізімге тағы үш боксшы енді. Спорттық мансабын аяқтаған Флойд Мейвезер 285 миллион доллар табыс тауып, рейтингте көш бастады. Сауль Альварес 15-орында (44,5 миллион), ал ұлыбританиялық Энтони Джошуа (39 миллион) 25-орынға жайғасты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу