Forbes Трампты АҚШ-тың ең бай тұрғындарының қатарына қоспады

415

АҚШ-тың бұрынғы президенті әрі миллиардер Дональд Трамп соңғы үш жылда екінші рет Forbes журналы бойынша АҚШ-тың ең бай 400 тұрғынының тізіміне кіре алмады. 

Forbes Трампты АҚШ-тың ең бай тұрғындарының қатарына қоспады Фото: РБК

Басылымның хабарлауынша, бұрынғы АҚШ көшбасшының байлығы 600 миллион долларға, 2,6 миллиард долларға дейін қысқарды. Сонда тізімге ену үшін Трампқа шамамен 300 миллион доллар жетіспеген, деп жазады inbusiness.kz.

Forbes пікірінше, Трамптың қаржылық шығындарының басты себебі, Truth Social әлеуметтік желісі. Әлеуметтік желіге иелік ететін компанияның 90% акцияларының иесі — Трамп 2021 жылдың күзінде желі іске қосылғаннан кейін американдықтардың едәуір саны тіркеледі деп үміттенді, бірақ қазіргі уақытта желі қолданушыларының саны тек 6,5 миллионға жетті, бұл әлеуметтік желінің бастапқы бағалау құнын 730 миллион доллардан 100 миллион долларға дейін төмендетті.

Сонымен қатар, Трамптың байлығы, оның ішінде оған тиесілі коммерциялық жылжымайтын мүліктің арзандауымен байланысты төмендеді. Forbes Трампқа толық немесе ішінара тиесілі кеңсе ғимараттарының құны 170 миллион долларға төмендеді деп бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу