Forbes журналы әлемдегі 2000 ең ірі компанияның рейтингін жариялады

825

Forbes журналы әлемдегі 2000 ең ірі компанияның рейтингін жариялады

Forbes журналы әлемдегі 2000 ең ірі компанияның рейтингін жариялады. 58 мемлекеттегі компаниялардың ортақ табысы 35,3 трлн долларды құрайды. Тізімнің көшбасшысы - Қытайдың ICBC өнеркәсіптік және коммерциялық банкі. Оның кірісі $151,4 млрд, капитализациясы $229,8 млрд-қа жеткен. Екінші орынға нарықтық құны $200,5 млрд құрайтын тағы сол Қытайдың Құрылыс банкі орналасқан. Рейтингтің үшінші орны миллиардер Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway инвестициялық компаниясына тиесілі. Холдингтің активтері $620,9 млрд құраған. Үздік ондыққа JPMorgan Chase, Wells Fargo, Apple мен Toyota Motors кірген. ТОП 2000 тізімінде қазақтандық компаниялар жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу