Forbes журналы мұсылман әлемінде ең танымал деген 100 кәсіпкер әйелдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды kazislam.kz.
Кәсіпкер әйелдердің ішінде басым көпшілігі яғни, 28 пайызы банк саласында жұмыс жасайтындар әрі олар Саудиядан болып отыр. Екінші орында Бірікке Араб Әмірлігі болса, үшінші орында Мысыр Араб Республикасының нәзік жандылары иемденді.
Берілген тізімге сәйкес "Samba Financial Group" коммерциялық банк жетекшісі Рания Махмуд бірінші орында тұр. Бұдан бөлек журналда мемлекеттік мансапты иемденген беделі жоғары әйелдердің де тізімі жарияланған. Олардың басым көпшілігі халықаралық дипломатиялық саланың қызметкерлері екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу