Ford 2030 жылға қарай электрокар өндірісіне ауысады

781

Бұған дейін бірнеше корпорация бензинмен жүретін көлік өндірісін алдағы он жылда шектейтінін жариялады. 

Ford 2030 жылға қарай электрокар өндірісіне ауысады

Ford компаниясы 2030 жылға қарай Еуропада тек электромобиль сатуды көздеп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Корпорация бензинмен жүретін көліктерден бас тартып, миллиардтаған қаржыны Германияда зауыт салуға жұмсамақ. Онда электрокарлар өндірісі басталып, бірінші партия конвейерден 2023 жылы шығарылады. Ford сонымен қатар 2026 жылдың ортасына қарай Еуропадағы барлық жеңіл көліктер толығымен электрлі немесе гибридті болады деп жоспарлап отыр.

Бұған дейін британиялық автокөлік өндіруші Jaguar Land Rover 2039 жылға қарай электр қозғалтқыштарына толығымен ауысатынын жариялаған еді. Ақпан айында Mercedes-Benz электромобильдер өндірісіне бет бұратынын мәлім етті. Porsche де 2030 жылға қарай сатылымның 80 пайызы электромобильдерге тиесілі болатынын айтты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу