Ford көлігін құрастыруда McDonald’s қалдықтары пайдаланылады

617

Қос америкалық компания осындай шешімге келді. 

Ford көлігін құрастыруда McDonald’s қалдықтары пайдаланылады

Енді автоөндіруші кофе қалдықтарын көліктерінің бөлшектерін жасауда пайдаланатын болды. Осылайша Ford-тың темір тұлпарлары экологиялық таза болып, салмағы 20%-ға жеңілдемек. 

Автоконцерн өкілдерінің айтуынша, корпорация осы қадамымен климат өзгерісімен күреске өз үлесін қоспақшы. Бұл бастама 2020 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды. Ол үшін компания McDonald’s желісінің кафелерінен азық-түлік қалдықтарын жинап, кейін олардан пайдалы материалдар жасап шығаратын болады. 

Негізі, айта кету керек, бұл келісімге қос алпауыт компания мәжбүрлі түрде келіп отыр. Өйткені соңғы уақытта елдегі бірқатар саясаткерлер мен тұтынушылар коропорациялардан ауаға таралатын зиянды газ мөлшерін шектеп, экологиялық таза көліктерді көптеп шығаруды талап етіп келеді.  

Тағы бір жайт, бұған дейін Ford жанармай үнемдеуді қолға алып, 2026 жылға дейін қалдықтарды қысқарту туралы құжатқа қол қойған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу