Ford Mustang құрастырушысы Ли Якокка қайтыс болды

884

Chrysler корпорациясының бұрынғы басшысы 94 жасында дүниеден озды. 

Ford Mustang құрастырушысы Ли Якокка қайтыс болды

Бұл туралы оның кіші қызы Лиа Якокка Асад мәлім етті, деп хабарлайды Bloomberg.

Якокка Ford Motor компаниясына 1946 жылы орналасып, 1978 жылға дейін жұмыс істеген. Оны кейбіреулер бейресми түрде Ford Mustang-тың "әкесі" деп те атайды. 1978 жылы Генри Форд Якокканы Ford компаниясындағы жұмысынан босатқаннан кейін, ол Chrysler корпорациясының басшысы болып тағайындалды. Бұл компанияда 1995 жылға дейін қызмет атқарған.

Ford Mustang – Ford Motor компаниясы құрастырған Pony Car топтамасындағы ең әйгілі автокөліктердің бірі. Оның дизайны 2018 жылы қайта жаңартылған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу