Формула-1 чемпионы Майами Гран-приінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

223

Майами Гран-приінің іріктеу кезеңінде Макс Ферстаппен қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, жарыстың үздігі атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Формула-1 чемпионы Майами Гран-приінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті Фото: Prosports.kz

Red Bull спортшысы осы маусымда барлық алты поулды да жеңіп алды. Өткен маусымды ескерсек, Нидерланд спортшы жеті квалификацияны қатарынан ұтты.

Екінші және үшінші орындарды Ferrari спортшылары Чарльз Леклерк пен Карлос Сайнц иеленді.

Майами Гран-при іріктеу кезеңі

  1.  Макс Ферстаппен (Ред Булл) 1:27.241
  2. Чарльз Леклер (Феррари) +0,141
  3. Карлос Сайнц (Феррари) +0,214
  4. Серхио Перес (Ред Булл) +0,219
  5. Ландо Норрис (Макларен) +0,353

Айта кетейік, бүгін белгілі боксшы Сауль Альварес төртінші рет абсолютті әлем чемпионы атағын қорғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу