Форвардтық сатып алуға бөлінген қаражат 45,3 млрд теңгеге жетті

909

Үкімет басшысы Асқар Мамин ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге көктемгі егіс жұмысын сапалы жүргізуді тапсырды. 

Форвардтық сатып алуға бөлінген қаражат 45,3 млрд теңгеге жетті Фото: inbusiness.kz

Премьер-министр бұл – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі екенін мәлімдеді деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Былтыр пандемияға қарамастан көктемгі егіс жұмыстары өте жоғары деңгейде жүргізілді. Нәтижесінде мол астық жиналды", – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, биыл форвардтық сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген қаражаттың көлемі 24,5 млрд теңгеден 45,3 млрд теңгеге дейін артты. 

"Осы механизмді пайдалана отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға ерекше назар аудару қажет. Жалпы, ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктердің алдында барлық көктемгі егіс жұмысын сапалы жүргізу міндеті тұр. Осы мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Экология министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, республиканың оңтүстік өңірлерінде, оның ішінде ұзақмерзімді перспективада суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету бойынша шара қабылдасын", – деді премьер-министр 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу