2018 жылы белгісіз ер адам автожолда әйел адамға шабуыл жасап, жәбірленушіні ұрып-соғып, алтын бұйымдарын тартып алған. Артынан оқиға орнынан бой тасалайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қылмыстан кейін тәртіп сақшылары қажетті тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жәбірленушінің айтуы бойынша күдіктінің фотороботы жасалғанымен, сол кезде оның жеке басын анықтау мүмкін болмаған.
Арада 8 жыл өткен соң, ашылмаған қылмыстық істердің материалдарын қайта талдау барысында полиция қызметкерлерінің бірі фотороботтқа назар аударып, ондағы кескіннен бұрын өзі көрген ер адамды таныған. Алынған ақпарат әрі қарайғы жедел жұмысқа негіз болды.
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде прокуратураның үйлестіруімен тәртіп сақшылары 41 жастағы күдіктінің орналасқан жерін анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер жылдар өтсе де, ашылмаған қылмыстар құқық қорғау органдарының назарында қалатынын атап өтті.
Қазіргі заманғы тергеу әдістерін қолдану және қызметкерлердің кәсіби тәжірибесі кінәлілерді анықтап, әділдікті қалпына келтіруге көмектеседі.