Франция Ariane зымыранын ұшырды

970

Франция Ariane зымыранын ұшырды

Франция өзінің Куру ғарыш айлағынан Ariane зымыранын ұшырып, кеңістікке екі жер серігін алып шықты, деп хабарлайды 24Хабар.

Оның бірі Бразилия үкіметіне тиіесілі болса, екіншісі Оңтүстік Корея, Үндістан, Индонезия және Филиппин елінің ғаламтормен байланысын қамтамасыз етуге арналған. Зымыран сәтті ұшырылды, алайда ол көкке наурыз айының соңында аттануы керек еді. Бірақ жергілікті жұмысшылардың ереуілге шығуының салдарынан кейінге шегерілген. Себебі шерушілер айлаққа баратын жолды жауып, онда жұмыс жасауға кедергі келтірген болатын.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу