"Қазақстан Еуропалық Одақтың қызығушылығын тудырады, өйткені Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы сияқты ірі елдермен көршілес орналасқан", - деді спикер.
Андре Марсель Рейшар Қазақстан қазір дамудың өте маңызды кезеңінен өтіп жатқанын атап өтті.
"Президент Тоқаев сайлау өткізуді қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдады. Ол өзінің жол картасын – әділ Қазақстанды дамытуға және құруға бағытталған бағдарламаны ұсынды және сайлау құқығының толық сақталуын қамтамасыз етуге ниет білдірді. Қазір Қазақстан халқы дауыс беру арқылы елдің болашағы туралы өз шешімін қабылдауда", - деп атап өтті спикер.
Андре Марсель Рейшар таңертең Алматыдағы төрт сайлау учаскесіне барып үлгергенін, түстен кейін тағы сонша сайлау учаскесіне баруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Спикердің айтуынша, ол осыдан кейін ғана толық пікір қалыптастыра алады.
"Мен сайлау процесінің өтуін қалыпты деп бағалаймын, бәрі қалыпты режимде жүріп жатыр. Процесс стандартты болып табылады: адам келеді, жеке куәлікті көрсетеді және жергілікті сайлау комиссиясы оны сайлаушылар тізімінен тексереді, содан кейін ол қол қояды, оған бір сұрақ бар бюллетень беріледі. Егер сайлаушының аты тізімнен табылмаса, ол дауыс бере алмайтыны өте маңызды. Ең бастысы, принципті сақтау үшін бәрі жасалуда: бір сайлаушы – бір дауыс", - деді спикер.