Францияның көлік министрі Клемент Бон RMC радиостанциясына берген сұхбатында көптеген француздар Францияның ірі мұнай өңдеу зауыттарындағы ереуілдерге байланысты бірқатар жанармай құю бекеттерінде жанармай тапшылығына байланысты жеңілдіктерді пайдалана алмағанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта болып жатқан жанармай жеткізілімдерінің тоқтатылуы, жеңілдіктердің ұзартылуына жол ашады. Біздің Total-ға қояр талабымыз осы", – деді Бон.
TotalEnergies 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейінгі әлемдік нарықтық бағамен салыстырғанда жанармай құю бекеттеріндегі сұйық отын бағасы литріне 0,2 еуроға төмендегенін жариялады. Қараша айынан бастап жыл соңына дейін жеңілдік литріне 0,1 еуроға дейін қысқаруы керек.
Бұл бағдарлама өткен айда компанияға шамамен 500 миллион еуро шығын келтірді, деп хабарлады TotalEnergies басшысы Патрик Пуянне.
Қыркүйектің соңында TotalEnergies пен ExxonMobil-ге тиесілі Франциядағы ең ірі мұнай өңдеу зауыттарында жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты. Нәтижесінде елдегі жанармай жеткісзу жұмыстары тоқтап, түрлі аймақтарда орналасқан бірқатар жанармай құю станцияларында жанармай тапшылығы сезілді.