Франция Бучаға байланысты Ресейге қарсы санкция енгізбек

735

Жапония да осындай шара қабылдамақ.

Франция Бучаға байланысты Ресейге қарсы санкция енгізбек

Франция Президенті Эммануэль Макрон Украинаның Киев маңындағы Буча қаласындағы жағдайға байланысты ЕО деңгейінде Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Бучада болған жағдай Ресейге қарсы санкциялардың жаңа сериясын енгізуді міндеттейді. Біз еуропалық серіктестерімізбен, атап айтқанда Германиямен осыған байланысты шара қабылдауды жоспарлап отырмыз", – деді Макрон. Ол бұл бастаманы ЕО деңгейінде де қолдайтынын алға тартты.

Бұған дейін Жапонияның Премьер-Министрі Фумио Кисида Буча қаласындағы жайтқа байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігі туралы айтқан болатын. Ресейдің Қорғаныс министрлігі бұл қаладан жарияланған видеоны арандатушылық деп атап, ақпараттың растығын жоққа шығарды.

Кисиданың айтуынша, жаңа шектеулер әлем қауымдастығымен бірлесе қабылданбақ. 

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу