Франция дәрігерлері вакцина ектіруге міндеттелді

625

Талапты орындамағандарға қарсы санкция жарияланады.

Франция дәрігерлері вакцина ектіруге міндеттелді Фото: reuters.com

Франция президенті Эммануэль Макрон дәрігерлер мен ауруханалардың барлық қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина ектіруге міндеттелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ол ауруханаларда, клиникаларда және қарттар үйлерінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін тез арада екпе салдыруға үндеді. Макрон сонымен қатар бұл талапты еріктілер және науқастарды бағып-қағатын адамдардың да орындауға міндетті екенін айтты. Енді барлығы бұл препаратты 15 қыркүйекке дейін қабылдауға тиіс.

"Қазірден бастап кірісу керек. 15 қыркүйектен бастап тексерулер жүргізіледі, талапты орындамағандарға қарсы санкциялар енгізіледі", – деп ескертті Макрон.

Франция президенті қазіргі эпидемиологиялық жағдайда елдің барлық азаматтарын вакцина ектіруге міндеттеу туралы ойлану керектігін де айтып қалды.

Ескере кететін жайт, тамыздан бастап бұл елде дәмханаларда, мейрамханаларда, сауда орталықтарында, ауруханаларда, қарттар үйінде, ұшақтарда, пойыздарда екпе құжаты талап етіледі.

21 шілдеден бастап құжат мәдени іс-шараларға, концерттерге, спектакльдерге, фестивальдерге қатысу үшін қажет болады. Санитарлық рұқсатты 12 жастан асқан тұрғындардан сұралады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу