Франция елшісі: Бұл жақта өндірілетін майдың дәмі дәл Франциядағыдай

937

Франция елшісі: Бұл жақта өндірілетін майдың дәмі дәл Франциядағыдай

Ертіс өңіріне екі күндік жұмыс сапарымен келген Франция Республикасының Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі "ФудМастер-Lactalis" - "Сүт" АҚ-да болы, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Заманауи сүт зауытында Филипп Мартине мырза Павлодарда President брэндті кілегей майы қалай өндірілетінін көріп, дәмін татты.

"Бұл жақта өндірілетін майдың дәмі дәл Франциядағыдай, - деді елші. – Сапа жағынан дәл солай шығаруға болатыны таң қалдырды. Зауыт  жақсы жабдықталған, білікті мамандар жұмыс істейді және олардың білімін жетілдіруге  көп көңіл бөлінуде".

Филипп Мартине "ФудМастер-Lactalis" жобасы сәтті жүзеге асырылуда деп есептейді. Қазақстан бойынша барлығы француздықтармен 130 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар азық-түлік және өндріс саласында ауқымды өнім шығарады. Компания директоры Арман Алдабергеновтың айтуынша, зауыт тәулігіне 150  тонна сүт өңдеп, 200-ден астам өнім шығарады. Қазақстанның өңірлері мен Ресейдің көршілес аймақтарына 80 тонна  жергілікті сүт өнімдерін жеткізеді.

"2001 жылдан бері компания инвестициясы 61 миллион еуроны құрады, - дейді Арман Алдабергенов. – Бұл соманың 33 миллионы бес жылда құйылған. Біздің зауытқа және "Киров" ЖШС-на 2009 жылдан бері 15,5 миллион еуро салынды. Оның ішінде 305 миллион  теңге фрнацуздық "Группа Лакталис" зауытынан еш кем түспейтін кілегей майы өндірісі бойынша жұмсалып отыр.  Енді біз President майын Ресейге экспорттаймыз".

"ФудМастер" компаниясын шикізатпен облыстағы ірі фермерлік шаруашылықтар  қамтамасыз етеді. Оның ішінде павлодарлық май шығаруға жарайтын "Победа" ЖШС, "Агро-Даму",  "Ивановское" және басқалары бар.

"Қазақстанда барлығынан бұрын адамдардың арасындағы достық пен қонақжайлылық таң қалдырады, - дейді елші. -  Қазақстан - көп ұлтты  мемлекет.  Бұл - үлкен мәдени және зияткерлік байлық. Осының арқасында қазақстандық студенттер мен оқушыларға деген қызығушылық зор".

Айта кетейік, алты тілді меңгерген Франция елшісі қазақ тілін үйрене бастаған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу