Францияның Қазақстандағы төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэ мырза қазақстандықтарды келе жатқан жаңа жылмен мемлекеттік тілде құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Құрметті қазақстандық достар! Мен сіздерді шын жүректен келе жатқан 2018 жылмен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан және мол бақыт тілеймін. Достығымыз мәңгі босын. Сіздерді жаңа 2018 жылда Францияға сапар шегуге шақырамын" делінген видео құттықтауда.
Сондай-ақ, елші роликтің соңында орыс және француз тілдерінде құттықтау жолдады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу