Франция Иранның Израильге жаппай соққысын тойтаруға қатысқанын растады

468

Франция қарулы күштері Иранның Израиль аумағына зымыран шабуылын тойтаруға қатысты. 

Франция Иранның Израильге жаппай соққысын тойтаруға қатысқанын растады Фото: Фото: AGCreativeLab / istockphoto.com

Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрлігі таратқан коммюникеде айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Франция Иранның Израиль аумағына жасаған баллистикалық зымыран соққысын айыптайды және Израильдің қауіпсіздігіне деген адалдығын растайды. Оның Таяу Шығыстағы қарулы күштері ирандық қауіпті жоюға қатысты", - деп атап өтті ТАСС.

Кеше Тегеранның шабуылынан кейін The Jerusalem Post газеті Израиль аумағында 400-ге жуық зымыран ұшырылғанын жазды.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранның зымыран соққысы "Израильдің әуе қорғанысы мен АҚШ-тың көмегінің арқасында сәтсіздікке ұшырады" деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу