Франция кәсіподақтары зейнетақы реформасына қарсы наразылықтарын жалғастырмақ

359

Ірі француз кәсіподақтары Үкімет ұсынған зейнетақы реформасына қарсы күресті жалғастыратынын айтып, 7 және 11 ақпанда жаңа наразылық акцияларына шақырды. 

Франция кәсіподақтары зейнетақы реформасына қарсы наразылықтарын жалғастырмақ Фото: img5.eadaily.com

Тиісті мәлімдемені сейсенбі күні кешке "Жұмыс күші" (FO) кәсіподағы жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

"[Кәсіподақ ғимаратында] "Жұмыс күші" өткізген кәсіподақаралық кеңестің қорытындысы бойынша жаңа акциялардың екі күні жарияланды: 7 және 11 ақпан. Зейнетақы реформасына қарсы адамдардың барлығы шықсын!"- делінген хабарламада.

Тиісті шешім үкімет жоспарлаған реформаға қарсы науқан аясында кәсіподақтардың екінші жаппай наразылық акциясы аяқталғаннан кейін қабылданды.

Францияның Ішкі істер министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, бүкіл ел бойынша 1,2 млн демонстрант көшеге шығып, бұл көрсеткіш 19 қаңтарда өткен ереуілдер мен наразылықтардың бірінші күнінен 150 мың адамға асып түсті.

Париждегі наразылық полициямен қақтығыстармен қатар жүрді, тәртіп сақшылары шеруге қатысушылар арасында аса қарсылық білдіргендерге көзден жас ағызатын газ қолданды. Алдын ала мәліметтер бойынша, шеру барысында, сондай-ақ оның басталуына дейін барлығы 30 адам ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу