Франция Қазақстанға жойғыш ұшақтар жеткізбек. Бұл туралы inbusiness.kz сайты француздың La Tribune басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұны Dassault Aviation әуе компаниясы жүзеге асыратын көрінеді.
Басылымның хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан Rafale жойғыш ұшақтарына қызығушылық танытқан.
"Dassault Aviation осы екі Орталық Азия елдердің нарығын белсенді түрде зерттей бастады. Тіпті Өзбекстанға Dassault Rafale 24 әскери ұшағын сату мәселесіне қатысты талқылау басталып та кетті", – деп жазды басылым.
Сонымен қатар, La Тribune басылымы қарашаның басында Эммануэль Макронның бірінші Астанаға, одан кейін Ташкентке келуін тікелей осы мәселемен байланыстырады.
Алайда, еліміздің Қорғаныс министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.