Франция Қазақстанның армян-әзербайжан қатынасын реттеудегі бастамасын қолдады

208

Франция 10-11 мамырда Қазақстанда Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлері арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңін өткізуді құптайды. 

Франция Қазақстанның армян-әзербайжан қатынасын реттеудегі бастамасын қолдады Фото: Aysor.am

Бұл туралы өткен жексенбіде сыртқы саясат ведомствосының сайтында жарияланған Франция СІМ мәлімдемесінде айтылды, деп жазады Inbusiness.kz.

"Франция Тараптардың 1991 жылғы Алматы декларациясына адалдықтарын растаудың маңыздылығын, олардың аумақтық тұтастығын 2022 жылғы 7 қазанда Прагада өткен төртжақты кездесу шеңберінде осы процестің негізі ретінде өзара танудың маңыздылығын атап көрсетеді", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты ресми Париж Ереван мен Бакуді 2024 жылдың 19 сәуірінде Тараптар келіскен қағидаттар негізінде шекараны делимитациялауды, сондай-ақ бейбіт шартқа қол қою мақсатында талқылауды жалғастыруға шақырады.

"Біз қазақстандық биліктің осы келіссөздерді жүргізуге жәрдем көрсеткенін жоғары бағалаймыз. Франция халықаралық құқыққа сәйкес Оңтүстік Кавказда әділ әрі тірегі берік бейбітшілік орнату мүддесі үшін серіктестерімен бірге жұмысын жалғастырады", — деп атап өтті министрлікте.

10-11 мамырда Алматыда Армения мен Әзірбайжан СІМ басшылары-Арарат Мирзоян мен Джейхун Байрамовтың келіссөздері өтті https://inbusiness.kz/ru/news/chem-zavershilis-peregovory-glav-mid-azerbajdzhana-i-armenii-v-almaty. Кездесудің бастамашысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Министрлер мен олардың делегациялары "Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы" келісім жобасының ережелерін талқылауды жалғастырды. Тараптар ашық мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті, әлі де біршама келіспеушіліктер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу