Франция әскери кемені өз азаматтарын Ливаннан эвакуациялау үшін "сақтық шарасы" ретінде пайдаланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты France Presse агенттігіне сілтеме жасап.
Тікұшақ тасымалдаушы Тулон портынан Жерорта теңізінің шығысына жету үшін бес-алты күн қажет болады. Кеме тікұшақтармен жабдықталған, оның бортында эвакуация жағдайында әрекет ететін "тактикалық топ" бар, деп хабарлады француз Бас штабы.
Израиль әскери-әуе күштері Ливанның әртүрлі аймақтарындағы Хезболла нысандарына жаппай соққы беруде. Бейрут қаласына бірнеше әуе шабуылдары тіркелді, нәтижесінде Хезболланың жоғары дәрежелі командирлері қаза тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу