Франция мектептерінде мұсылман әйелдерінің дәстүрлі абайя көйлегін киюге тыйым салынады. Бұл туралы Францияның білім министрі Габриэль Атталь мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz DW басылымына сілтеме жасап.
"Сыныпқа кіргенде, оқушылардың дінін қарап тұрып айта алмау керек. Мен бұдан былай мектептерде абая киюге болмайды деп шештім", деді министр.
Аттал келесі аптада мектеп басшыларымен бұл тыйымды қалай жүзеге асыру керектігін талқылайтынына уәде берді.
Ережелер жаңа оқу жылынан бастап 4 қыркүйекте күшіне енеді деп күтілуде.
Министрдің бастамасын Республикалық партияның жетекшісі Эрик Чиотти қолдады, деп атап өтті AFP.
SNPDEN Директорлар одағының бас хатшысы Бруно Бобкевич те енді мектеп директорларына нақты нұсқау берілетінін құптады.
Кәсіподақ әлеуметтік желілерде бұл шешімді "айқын және батыл" қадам деп есептеді.
Ал "Жеңілмеген Франция" солшыл партиясы (LFI), керісінше бұл тыйымды "конституцияға қайшы" деп жазды, деп мәлімдеді AFP.
Францияда "абайяны діни киім деп санауға бола ма?" деген пікірталас бірнеше айға созылды.
Француз мұсылман сенімі кеңесі (CFCM) көйлек ресми түрде олай саналмайды деп сендірді.
France24 атап өткендей, Франция мектептерінде тыйым салынған дәстүрлі ислам киімінің орнына абайя кию жиілеп кеткен.
Францияда мектептегі зайырлылық және көрнекті діни рәміздер туралы заң 2004 жылы қабылданған.
Ол кез келген діни рәміздер тағуға немесе діни киім киюге тыйым салады.