Франция мен Германия Косовода жаңа сайлау өткізуді ұсынды

436

Франция мен Германия тәуелсіздігі танылмаған Косованың солтүстігіндегі төрт округте жаңа муниципалдық сайлау өткізуге шақырады. 

Франция мен Германия Косовода жаңа сайлау өткізуді ұсынды Фото: riafan.ru

Бұл туралы бейсенбіде Франция көшбасшысы Эммануэль Макрон Молдавиядағы еуропалық саяси қоғамдастық саммитінің қорытындылары туралы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"ГФР канцлері Олаф Шольцпен біз екі тараптан Косово міндеттемелері ескеретін және осы сайлауға Сербия тарапы қатысатын төрт округте жаңа муниципалдық сайлауды шұғыл түрде өткізуді талап еттік", — деді Макрон.

Ол Молдавиядағы саммит барысында Шольцпен бірге Сербия Президенті Александр Вучичпен және Косованың басшысы Вьоса Османимен кездесу өткізгенін айтты.

Макрон "бұған дейін Франция мен Германия екі тарап мақұлдаған бейбітшілік жоспарын ұсынды" деп еске алды.

"Бұл жоспар алға жасалған ірі қадам болды, енді оны жүзеге асыру керек", — деді француз көшбасшысы.

Ол Косованың солтүстігіндегі муниципалдық сайлаудың өкінішті оқиғаларға толы болғанын еске салып, тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге көңіл айтты.

"Біз жасаған ұсыныстар бойынша әр тарап өз консультацияларын өткізетін болады. Біз олардан келесі аптада нақты жауаптар күтеміз", - деді Франция президенті.

Косово мен Метохияның солтүстігіндегі серб муниципалитеттеріндегі жағдай 26 мамырда Косово полициясының арнайы күштері Звечан, Зубин-Поток пен Лепосавич муниципалитеттеріндегі әкімшілік ғимараттарды басып алған кезде шиеленісе түсті.

НАТО-ның Косоводағы халықаралық контингентінің (KFOR) отыз төрт сарбазы, оның ішінде 14 итальяндар дүйсенбіде Косовоның солтүстігінде болған қақтығыстарда жарақат алғанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу