Франция мен Қазақстанның бірлескен жобасы Гран-Приге ие болды

850

"Олма Джон" еуропалық көрермендерге осы айда Парижде өтетін қазақстандық кинофестивальде көрсетіледі.

Франция мен Қазақстанның бірлескен жобасы Гран-Приге ие болды

Франция мен Қазақстан бірлесіп түсірген "Олма Джон" фильмі Римдегі тәуелсіз кинофестивалінде Гран-При сыйлығына ие болды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл картина біздің елімізде "Алма Апа" атауымен көрсетіледі. Туынды франциялық режиссер Виктория Якубованың түсірген толықметражды фильм. Қазақстанда түсірілген кинода негізінен отандық актерлер ойнады. Ал қаржыландыруы, монтаж бен постпродакшынын Франция тарапы қамтамасыз етті.

"Олма Джон" еуропалық көрермендерге алғаш рет осы айда Парижде өтетін қазақстандық кинофестивальде көрсетіледі. Қазіргі кезде фильм шығарушылары оны елімізде көрсету туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Біздің кинотеатрларға ол "Алма Апа" атауымен шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу