Франция Microsoft корпорациясына 60 миллион еуро айыппұл салды

510

Компания cookie файлдарын пайдалану ережелерін бұзды.

Франция Microsoft корпорациясына 60 миллион еуро айыппұл салды Фото: egemen.kz

Францияның информатика және бостандықтар жөніндегі ұлттық комиссиясы (CNIL) американдық Microsoft компаниясына cookie файлдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 60 миллион еуро айыппұл салды, деп хабарлайды inbusiness.kz “Прайм” агенттігіне сілтеме жасап.

"2022 жылдың 19 желтоқсанында CNIL Microsoft корпорациясына cookie файлдарын пайдаланудан бас тартуды жеңілдету механизмін енгізбегені үшін 60 миллион еуро айыппұл салды", - делінген комиссияның сайтында жарияланған хабарламада.

Бұл шара Француз қолданушыларының Bing іздеу жүйесіне түсірген шағымынан кейін қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу