Франция мұражайлары €1,5 млн шығынға батты

180

Бұған аптап ыстыққа байланысты жұмыс сағатының қысқаруы себеп.  

Франция мұражайлары €1,5 млн шығынға батты Фото: inwander.io

Le Monde басылымының хабарлауынша, бәрінен де Лувр қаржылық қиындыққа тап болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оған келушілер қатары былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға азайды. Бұдан бөлек, 60 мың билеттің күшін жоюға тура келген.

Сонымен қатар Версаль, ескерткіштердің ұлттық орталығы мен Гран-Пале көрме залы да қыруар шығынға ұшырады.

Айта кетейік, биыл Францияда кейінгі 126 жылда болмаған ең ыстық жаз тіркелді. Елде 50 күн бойы күн шыжып тұрды.

Мамандар: "Бұл – тарихта бұрын-соңды болмаған құбылыс", – дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу