Францияның бірнеше қаласында тәртіп сақшылары наразылық шарасын өткізді. Олар елдің Ішкі істер министрі Кристоф Кастанердің қызметінен кетуін талап етуде. Бұған ведомство басшысының соңғы мәлімдемесі түрткі болып отыр. Яғни министр нәсілшілдікке бой алдырған полицейлерді жүйелі түрде жұмыстан шығару керек деп жариялаған еді.
Сонымен қатар ол заң бұзғандарды тұтқындау кезінде тәртіп сақшыларына қылғындыру тәсілін қолдануға тыйым салынатынын да жеткізді. Ереуілдер Париж, Тулуза, Сент-Этьен және басқа да қалаларды шарпыған. Полиция кәсіподағының айтуынша, министр өз қоластындағылардың сенімін жоғалтқан екен. Бас көтергендер жұмыс барысында қылғындыру тәсіліне қайтадан рұқсат беруге шақырды.
Табиғат Нұрболат