Франция премьер-министрі Элизабет Борн отставкаға кетті

369

Бұл туралы Елисей сарайының мәлімдемесінде айтылған.

Франция премьер-министрі Элизабет Борн отставкаға кетті Фото: Anadolu Agency

Элизабет Борн Францияның премьер-министрі қызметінен кетті. Ел президенті Эммануэль Макронның отставканы қабылдап, Борнға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Элизабет Борнның "өз ісіне адалдығы мен табандылығын" атап өтті.

Елисей сарайы Борн жаңа үкімет тағайындалғанға дейін өз міндетін атқара беретінін айтты.

Айта кетейік, Борн Францияның министрлер кабинетін 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу