Франция президенті: ДСҰ ережелерін өзгерту керек

859

Франция президенті:  ДСҰ ережелерін өзгерту керек

Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелерін өзгерту керек. Ұйымның жұмысы реформаны қажет етеді. Франция Республикасының президенті Эммануэль Макрон осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Себебі, қазіргі санкциялық соғыс халықаралық сауда үшін еш жақсылық әкелмейді. Сыңаржақ саясат зардабын жекелеген елдер ғана емес, халықаралық ұйымдарға мүше мемлекеттердің барлығы да сезініп отыр.

"Дүниежүзілік сауда ұйымының осындай мәселелерді реттейтін ережелерін АҚШ, Еуро одақ, Қытай мен Жапония үлкен жиырмалық ұйымы аясында қайта қарауы керек. Егер көшбасшы санатындағы осы елдер бастама көтерсе, басқа мемлекеттер олардың соңынан ереді. Әйтпесе, баға күн сайын шарықтап, жұмыссыздық жайлап барады",- дейді Франция Республикасының президенті Эммануэль Макрон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу