Франция Президенті қазақ тілінде жазба жариялады

323

Франция Президенті Эммануэль Макрон Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.

Франция Президенті қазақ тілінде жазба жариялады Фото: sputnik.by

Бұл туралы Х әлеуметтік желісінде жазба қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық. Сондай-ақ, біз халықаралық жағдайды да қарастырдық. Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын және Оңтүстік Кавказдағы жүріп жатқан келіссөздерді", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу