Фотосуретте Франция президентінің жанында үш ит тұр, оның екеуі – тазы.
Былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция президенті этноауыл көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді.
Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын.
Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген-тін.
Кейін Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілді. Қос тазыны француз ветеринарлары тексеріп, уақытша карантинге жіберді.
Франция тарапына күшіктерді тамақтандыру және үйрету жөніндегі нұсқаулық берілді.
Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген жарасымды есім берілгені мәлім болды.
Күшіктер Макрон отбасының Немо есімді қара лабрадорымен "достасып" үлгерген.