Франция президентінің беделі төмендеді

843

Эммануэль Макронды халықтың 26 пайызы ғана қолдайды.

Франция президентінің беделі төмендеді Фото: AP Photo

Франция президенті Эммануэль Макронның халық арасындағы беделі күрт түсті. Оған тікелей әсер еткен – даулы зейнетақы реформасы. 

Зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке ұлғайтуды көздеген президент тұрғындарың наразылығына ұшырады. Жыл басынан бері жаппай ереуілдер өткізіп жатқан француздардың көбі бұл реформаға қарсы. Мыңдаған ел тұрғыны Париж Сити Холлының ғимаратына жиылып, жаппай демонстрация өткізді. Наразылық білдірушілер La Defence іскерлік ауданындағы Euronext биржасының ғимаратын басып алды. Бұл – еуроаймақтағы ең маңызды қор биржасы. Зейнеткерлік жасты ұлғайтуға қарсы күрес ел көшелерінде ғана жалғасып жатқан жоқ. Ұлттық ассамблеяда бір топ социалистер реформаның күшін жою туралы заң жобасын ұсынды. 

Нәтижесінде, жақында жүргізілген сауалнама бойынша қазір ел басшысын тұрғындардың тек 26 проценті қолдайтыны белгілі болды.    
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу