Франция Ресейден әкелінетін мұнайға эмбарго енгізуге шақырды

655

Бұған дейін Франция президенттігіне үміткер Марин Ле Пен Ресейден газ бен мұнай жеткізуге эмбарго енгізуге қарсы екенін мәлімдеді.

Франция Ресейден әкелінетін мұнайға эмбарго енгізуге шақырды

Ресми Париж Еуропалық Одақты (ЕО) алдағы апталарда Ресейден әкелінетін мұнайдың импортына эмбарго енгізуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Франция СІМ жанындағы мемлекеттік хатшы Клеман Бонның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Біз Ресей Федерациясынан жеткізілетін көмірге эмбарго енгіздік. Енді ресейлік мұнайдың импортына осындай шектеу жариялау керек", – деді саясаткер.

Оның айтуынша, көп ұзамай ресейлік газға да қатысты осындай шешім қабылдануы мүмкін.

Бұған дейін Франция президенттігіне үміткер Марин Ле Пен Ресейден газ бен мұнай жеткізуге эмбарго енгізуге қарсы екенін мәлімдеді. Ол бұл шара француздарға теріс әсерін тигізеді деп мәлімдеді.

"Бұл қадам Ресейге емес, француз халқына зиян тигізеді", – деді ол.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу