Франция соты Мұхтар Әбілязовқа айыппұл салды

761

Оған экс-банкирдің сот отырысына келмеуі себеп болды.  

Франция соты Мұхтар Әбілязовқа айыппұл салды Фото: instagram/mukhtarablyazov

7 наурызда Францияның Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты Мұхтар Әбілязовқа сотқа келмегені үшін айыппұл тағайындау туралы шешім шығарды.

Осылайша сот оның сот отырысына келмеуін саяси қудалаумен байланыстырған уәжін қабылдаудан бас тартты, деп жазады inbusiness.kz БТА банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мұхтар Әбілязов 2021 жылдың 15 және 16 маусымында жауап алу үшін Экс-ан-Прованс қаласының сотына келуі тиіс болған. Отырыс алдындағы соңғы сәтте ол өзінің адвокаты арқылы өзінің шешімін саяси қудалауды алға тартып, франциялық соттың нұсқауын ұстануға ниетті емес екенін хабарлады. Кейінірек БТА банкі Әбілязовтың сотқа келмеуіне байланысты оған айыппұл салу туралы өтініш жолдады. Апелляциялық сатыдағы сот Мұхтар Әбілязовпен байланысты 2018 жылы осыған ұқсас жағдай болғанын анықтады. Әбілязов Англияда, одан кейін Францияда босқын мәртебесінен айырылды. Сондықтан ол сотқа бармау үшін бұл мәртебені қолдана алмады. Осы тұста бұрын тергеу судьясы Әбілязовқа сот бақылауының шарасын тағайындады. Оның ішінде соттың талабы бойынша сот отырысына келу де бар. Мұхтар Әблязов бұл талапты бұзып, Экс-ан-Прованс қаласы сотына келмеді", - делінген хабарламада.

Банк таратқан ақпаратқа сәйкес, 7 наурыз күні Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты Мұхтар Әблязов соттың келу туралы талаптарын орындамағаны туралы шешім шығарды. Осылайша экс-банкир айппұл арқалады.

"БТА банкі Франция сотының әділ шешімін құптайды. Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары бірнеше рет сот процестеріне қатысудан бас тартты. Сонымен қатар олар көптеген сот шешімін бұзды. Соның ішінде олар АҚШ-та жауапқа тартылып, айыппұл салынды", - деп атап өтті банк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу