Франция Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындауы мүмкін

1256

Ел сенаты қазір осы мәселені қарастырып жатыр.

Франция Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындауы мүмкін

Франция сенаты Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындау туралы жобаны қарауға алды. Депутат Валери Буайе Әзербайжанның Таулы Қарабаққа жасап жатқан "шабуылына" қарсы шығу "түрік исламизмінің Еуропаға енуіне" қарсы шығумен парапар дегенді айтты. 

"Осы аптада Таулы Қарабақтың егемендігін мойындау және Түркия мен Әзербайжанның әрекеттерін айыптау туралы жобаны сенаттың қарауына жібердім", – деп жазды ол өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 9 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Армения мен Әзербайжан елдерінің Сыртқы істер министрлерін Мәскеуге шақырып, өңірдегі ахуалды РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен талқылаған еді. Шамамен он сағатқа созылған келіссөздерден кейін тараптар шабуылды тоқтату туралы мәмілеге келді. Дегенмен содан бері қос тарап келісімді бұзды, оқ атпау режимін бұзды деп бір-бірін айыптап келеді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: euronews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу