Франция үкіметі қазақстандық студенттерге 100 стипендия қарастырып отыр

785

Франция үкіметі қазақстандық студенттерге 100 стипендия қарастырып отыр

Францияның Қазақстандағы елшісі Филип Мартине қазақстандық студенттерге арналған жаңа білім беру бағдарламасының ашылғанын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Францияның Қазақстандағы елшісінің айтуынша, 2006 жылдан бері Қазақстан Еуропаның жоғары білім беру жүйесіне қатысып келеді. Алайда бүгінде студенттердің тек 3 проценті ғана Еуропаға барып оқиды. Бұл – тым аз көрсеткіш. Мәселен, қазіргі кезде Франция университеттерінде 310 мың шетел студенттері оқиды. Соның ішінде 35 мың адам – Қытай азаматтары. Ал қазақстандық студенттердің саны 600-ге де жетпейді.

"Бүгін мен "Abai-Vern" бағдарламасының басталатынын ресми түрде жариялаймын. Аталған бағдарлама аясында Франция үкіметі "Болашақ" Халықаралық бағдарламалар орталығымен бірлесіп, студенттердің оқуын қаржыландырады. 2018 жылдан бастап 100 стипендия қарастырылған. Соның ішінде 90 стипендия магистратураның 2-курсында оқитындар арасында таратылады. Қалған 10 стипендия докторанттарға беріледі", – деді Филип Мартине "International Education Fair 2018" Халықаралық білім көрмесінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу