Францияның премьер-министрі мен министрлер кабинеті отставкаға кетті.
Өйткені, елдің Конституциялық кеңесі президенттік сайлаудың қорытындысын ресми түрде бекітті. Енді мемлекет басшысы болып сайланған Эммануэль Макрон өз міндетін атқаруға кірісе сала үкіметтің жаңа құрамын жасақтайды.
Айта кетейік, өткен аптада Францияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өткен болатын. Саяси сайыста елдің бұрынғы экономика министрі Эммануэль Макрон жеңіске жетті. Президентті ұлықтау рәсімі 14 мамырға жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу