Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманин Палестинаны қолдайтын барлық шерулерге тыйым салуды бұйырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Франция ақпарат құралдарының хабарлауынша, ішкі істер министрі Дарманин Telegram желісінде мұндай шерулер "қоғамдық тәртіпті бұзуы мүмкін" деген хабарлама қалдырған. Сондықтан губернаторларға Палестинаны қолдайтын барлық шерулерге тыйым салуды тапсырған.
Сонымен бірге Франция үкіметі осы тыйым салынған шерулерге қатысқандарды қамауға алуды тапсырды.
Алайда жергілікті билік әртүрлі қалаларда Израильді қолдайтын шерулерге рұқсат етсе, осы аптада алдымен Лион, Марсель және Парижде Палестинаны қолдайтын шерулерге "қоғамдық тәртіпті бұзу қаупі бар" деген себеппен тыйым салды.
Дегенмен Лионда губернатордың тыйымына қарамастан Палестинаны қолдайтын шеру өтті.