Франция Украинаға алыс қашықтықтағы зымырандарды жеткізеді

700

Кремль Париждің шешімі Украинаның болашағына тікелей әсер ететін үлкен қателік деп баға берді.

Франция Украинаға алыс қашықтықтағы зымырандарды жеткізеді Фото: sila-rf.ru

Франция Украинаға Мәскеудің шабуылдарынан қорғануға көмектесетін алыс қашықтықтағы зымырандарды жеткізе бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Франция президенті Эммануэль Макронның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Мен украиндарға өз территориясын қорғауға мүмкіндік беретін доктринамызды сақтай отырып, жойқын соққы беру үшін қару-жарақ пен техниканы жеткізілімін ұлғайту туралы шешім қабылдадым", - деді Макрон бүгін Литва астанасында басталған НАТО саммитіне келгеннен кейін.

Ол Киевке жеткізілетін зымырандардың саны немесе түрлері туралы егжей-тегжейлі айтудан бас тартты.

Ұлыбритания мамыр айында Украинаға MBDA шығарған "жер-әуе" класындағы француз-британдық Storm Shadow зымырандарын жеткізетінін мәлімдеді. SCALP деп аталатын зымыранның француз нұсқасы шамамен 250 шақырым қашықтыққа ие.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Францияның алыс қашықтықтағы зымырандарды жеткізу туралы шешімін Украинаға кері әсерін тигізетінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу