Франция Украинаға әскер жіберуі мүмкін

394

Франция өз әскерлерін Украинаға жіберуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.  

Франция Украинаға әскер жіберуі мүмкін Фото: vesti.az

Бұл туралы елдің Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Бенджамин Хаддад Berliner Zeitung-ге берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шенеунік еске салғандай, бұрын Франция президенті Эммануэль Макрон "біз ештеңені жоққа шығармауымыз керек" деп мәлімдеді. Париждің бұл ұстанымы әлі де өз күшінде.

Сонымен қатар, Хаддад Францияның Украинадағы әскери оқу миссияларын ұмытпауға шақырды. Мемлекеттік хатшы мұндай қадамдарды жүзеге асыру мәселесі Париждің НАТО одақтастарымен талқылануы керек екенін айтты.

Бұған дейін Эммануэль Макрон Франция Киевке қару-жарақ жеткізуді жалғастырады және Украина тарапына ұзақ мерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу