Франция Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастырады - Макрон

344

Украинаның қарсы шабуылы бірнеше апта немесе айға созылады. 

Франция Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастырады - Макрон Фото: РИА Новости

Париж Киевке оқ-дәрілер мен әскери техника жеткізуді күшейтуде. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді.

"Біз қару-жарақ, оқ-дәрі, бронды машиналарды жеткізуді арттырдық, сонымен қатар логистикалық қолдауды күшейттік. Көмек беру шаралары алдағы күндер мен апталарда да жалғасын табады", — деді ол Германия канцлері Олаф Шольцпен және Елисей сарайында Польша президенті Анджей Дудамен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.

Макроның айтуынша, Украинаның қарсы шабуылы мұқият жоспарланған және бірнеше апта немесе айға созылады.

"Біз қақтығыстың басында Украинаға көмектесу үшін бәрін жасадық: Ресейге қарсы санкциялар енгізу және Украинаға өз территорияларын қайтаруға көмектесу", — деді француз жетекшісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу