Франция Украинаға әскери көмек қорын құрады

477

Париж Украинаға қару-жарақ пен әскери техниканы Француз өндірушілерінен тікелей сатып алуға мүмкіндік беретін 200 миллион еуро қорын құруда.  

Франция Украинаға әскери көмек қорын құрады Фото: google

Бұл президент Владимир Зеленскийдің Киевке іс-сапармен келген Францияның Қорғаныс министрі Себастьян Лекорнюмен келіссөздерінің нәтижесі, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.

"Мен Украинаға келген Францияның Қорғаныс министрімен кездестім. Біз биылғы жылы ынтымақтастықты, елімізді қалпына келтіру мен әуе шабуылына қарсы қорғанысымызды нығайтуда тағы бір іргелі қадам жасадық. Рахмет Франция!" - деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Сәрсенбіде украин әскерилері журналистерге Француз артиллериялық қондырғыларының бірі — 155 мм Цезарь гаубицасын көрсетті. Ол Ресей шапқыншылығынан кейін бірнеше ел Украинаға берген заманауи қару-жарақ арсеналының бөлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу